Жаңалықтар

Қазақстанда осы уақытта 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылғы 19 қаңтар 09:12
Қазақстанда осы уақытта 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 24894 адам коронавирустан ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың 6 485-сі стационарда жатыр, 18 409 науқас амбулаториялық жағдайда ем алуда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 312 адамның жағдайы ауыр; • 61 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 49 науқас жасанды таныс алу аппаратында жатыр.