Жаңалықтар

Қазақстанда осы уақытта 62 662 адам коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылғы 28 қыркүйек 08:56
Қазақстанда осы уақытта 62 662 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 62 662 адам коронавирус инфекциясынан (–53 945 + және 8 717 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 868 адамның жағдайы ауыр, • 218 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 139 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.