Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 1145 адамнан коронавирус анықталды

2021 жылғы 17 маусым 08:00
Қазақстанда өткен тәулікте 1145 адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1145 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 343, Алматы қаласы - 109, Шымкент қаласы - 31, Ақмола облысы - 37, Ақтөбе облысы - 25, Алматы облысы - 41, Атырау облысы - 62, Шығыс Қазақстан облысы - 76, Жамбыл облысы - 15, Батыс Қазақстан облысы - 84, Қарағанды облысы - 150, Қостанай облысы - 33, Қызылорда облысы - 26, Маңғыстау облысы - 39, Павлодар облысы - 41, Солтүстік Қазақстан облысы - 21, Түркістан облысы - 12. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 405209.