Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 1683 адамнан коронавирус анықталды

2021 жылғы 20 қазан 08:00
Қазақстанда өткен тәулікте 1683 адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1683 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 180, Алматы қаласы - 312, Шымкент қаласы - 40, Ақмола облысы - 129, Ақтөбе облысы - 54, Алматы облысы - 135, Атырау облысы - 41, Шығыс Қазақстан облысы - 83, Жамбыл облысы - 30, Батыс Қазақстан облысы - 40, Қарағанды облысы - 154, Қостанай облысы - 117, Қызылорда облысы - 31, Маңғыстау облысы - 9, Павлодар облысы - 164, Солтүстік Қазақстан облысы - 139, Түркістан облысы - 25. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 921216.