Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 1844 адамнан коронавирус анықталды

2021 жылғы 21 қазан 08:00
Қазақстанда өткен тәулікте 1844 адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1844 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 185, Алматы қаласы - 309, Шымкент қаласы - 52, Ақмола облысы - 146, Ақтөбе облысы - 43, Алматы облысы - 158, Атырау облысы - 48, Шығыс Қазақстан облысы - 119, Жамбыл облысы - 31, Батыс Қазақстан облысы - 61, Қарағанды облысы - 150, Қостанай облысы - 123, Қызылорда облысы - 35, Маңғыстау облысы - 14, Павлодар облысы - 186, Солтүстік Қазақстан облысы - 151, Түркістан облысы - 33. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 923060.