Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 3816 адам коронавирустан жазылды

2021 жылғы 6 мамыр 08:15
Қазақстанда өткен тәулікте 3816 адам коронавирустан жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 3816 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 379, Алматы қаласы - 1951, Шымкент қаласы - 64, Ақмола облысы - 14, Ақтөбе облысы - 193, Алматы облысы - 274, Атырау облысы - 140, Шығыс Қазақстан облысы - 31, Жамбыл облысы - 140, Батыс Қазақстан облысы - 48, Қарағанды облысы - 229, Қостанай облысы - 21, Қызылорда облысы - 65, Маңғыстау облысы - 90, Павлодар облысы - 85, Солтүстік Қазақстан облысы - 23, Түркістан облысы - 69. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 288187.