Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 751 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

2021 жылғы 1 желтоқсан 08:00
Қазақстанда өткен тәулікте 751 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 751 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 125, Алматы қаласы - 53, Шымкент қаласы - 13, Ақмола облысы - 69, Ақтөбе облысы - 4, Алматы облысы - 14, Атырау облысы - 10, Шығыс Қазақстан облысы - 39, Жамбыл облысы - 7, Батыс Қазақстан облысы - 27, Қарағанды облысы - 128, Қостанай облысы - 81, Қызылорда облысы - 5, Маңғыстау облысы - 2, Павлодар облысы - 89, Солтүстік Қазақстан облысы - 78, Түркістан облысы - 7. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 972292.