Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

2021 жылғы 16 сәуір 09:00
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 16 сәуіріндегі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 71 адам коронавирус пневмониясын жұқтырып, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ аталмыш дерттен 90 адам сауығып шықты. 2021 жылдың тамызынан бері коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 51695-ке жетіп, 742 адам қайтыс болды, жазылып шыққандар саны 50478.