Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 10 адам қайтыс болды

2021 жылғы 20 қазан 08:35
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 10 адам қайтыс болды

НҰР-СҰТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 154 адамнан анықталды, 10 адам қайтыс болды, депхабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 237 адам жазылып кетті. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап, аталмыш дертті жұқтырғандар саны 78158 адамды құрап, 4979 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 66753.