Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 13 адам қайтыс болды

2021 жылғы 1 тамыз 09:10
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 13 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 275 адамның науқастанғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ аталмыш дерттен 13 адам қайтыс болып, 108 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 61168 адам ауырып, 3724 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 54658-ге жетті.