Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 14 адам қайтыс болды

2021 жылғы 31 шілде 08:47
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 14 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 309 корнавирус белгісі бар пневмония анықталып, одан 14 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ 110 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері аталмыш дертті 60893 адам жұқтырып, 3711 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандар саны 54550 адамға жетті.