Жаңалықтар

Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды

2023 жылғы 4 қаңтар 13:30
Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 вирусынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, науқастың жасы 83-те еді. Оның қосымша аурулары болды. «Ол екпе алмаған, қатар жүретін аурулар – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА), артериялық гипертензия бар еді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен. Бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 87 жағдайы анықталғаны, тағы екі адамның ковид пневмониясына шалдыққаны хабарланған болатын. 4 қаңтардағы жағдай бойынша 2600 адам коронавирустан ем алуын жалғастыруда, оның ішінде 259 науқас стационарда жатса, 2341 науқас амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, КВИ+ және КВИ- жағдайларының арасында: ауыр жағдайда – жеті науқас, өте ауыр жағдайда – алты науқас, жасанды тыныс алу аппаратында жатқан екі науқас бар. Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайға барудан бас тартуды кеңес еткен болатын.