Жаңалықтар

Қазақстанда вакцинаның қанша дозасы қалды

2021 жылғы 14 сәуір 19:05
Қазақстанда вакцинаның қанша дозасы қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов елімізде вакцинаның қалған қанша дозасы бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде вакцинаның шамамен 480 мың дозасы бар. Вакцинация көлеміне байланысты әрбір үшін арнаулы күнделікті жоспар әзірленген. Соған орай өңірлерден тиісті ақпаратты күнделікті жинап отырамыз. Қазіргі уақытта жақсы қарқын алдық, тәулігіне шамамен 50 мың вакцина салынады. Бұл жоғары шек емес», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Марат Шорановтың дерегінше, осы айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың «QazVac» вакцинасын жеткізу күтіледі. Бұл елдің шамамен 2 млн азаматына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.