Жаңалықтар

Қазақстанға AstraZeneca вакцинасы жеткізіле ме – министрлік жауабы

2021 жылғы 14 сәуір 09:41
Қазақстанға AstraZeneca вакцинасы жеткізіле ме – министрлік жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі AstraZeneca вакцинасын сатып алу туралы хабарды теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде министрліктің AstraZeneca вакцинасының 3,2 млн дозасына тапсырыс бергені туралы ақпарат шыққан еді. «Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді. Барлық компания өкілдерімен келіссөздер жүріп жатыр», - деп жауап берді ҚР ДСМ баспасөз қызметі. Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 2021 жылдың 14 сәуірінде Қазақстанда 435 393 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның ішінде І компонентпен екпе алған адамдар саны 435 393, ІІ компонентпен екпе алған адамдар саны – 107 121.