Жаңалықтар

Қазақстаннан шетелге авиарейстердің жаңа кестесі жасалды

2020 жылғы 24 қазан 16:52
Қазақстаннан шетелге авиарейстердің жаңа кестесі жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 қазаннан бастап Қазақстан қалаларынан орындалатын халықаралық рейстердің кестесі жасалды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram-да жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық авиарейстер 11 елге (Түркия - 33 жиілік, Оңтүстік Корея -2 жиілік, Нидерланды - 2 жиілік, БАӘ - 16 жиілік, Беларусь - 4 жиілік, Германия - 4 жиілік, Украина - 1 жиілік, Өзбекстан - 2 жиілік, Мысыр - 2 жиілік, Қырғызстан - 2 жиілік, Ресей - 2 жиілік) аптасына 70 рейс жиілігімен 20 маршрут бойынша орындалады: 1) Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai - аптасына 3 рет); 2) Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет); 3) Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана-аптасына 3 рет); 4) Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет); 5) Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа - аптасына 4 рет); 6) Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана - аптасына 1 рет); 7) Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines - аптасына 1 рет); 8) Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет); 9) Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан (SCAT/Эйр Астана – аптасына 1 рет); 10) Алматы-Шарм-Эль-Шейх – Алматы (SCAT/Эйр Астана - аптасына 1 рет); 11) Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 5 рет, Pegasus Airlines – аптасына 3 рет); 12) Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Turkish Airlines - аптасына 3 рет); 13) Атырау – Ыстамбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет); 14) Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент (SCAT – аптасына 2 рет); 15) Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау (SCAT – аптасына 3 рет); 16) Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 2 рет, SCAT – аптасына 1 рет); 17) Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 2 рет); 18) Алматы – Ташкент – Алматы (Эйр Астана – 1 жиілік, Uzbekistan Airways-1 жиілік); 19) Алматы – Бішкек – Алматы (Эйр Астана - аптасына 2 рет); 20) Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Аэрофлот – аптасына 1 рет). Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстаннан Түркия, БАӘ, Украинаға ұшатын әуе рейстері қысқарады. Сондай-ақ ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың шетелден авиарейстермен келетін жолаушыларға қатысты жаңа қаулысы шыққан болатын.