Жаңалықтар

Қазақстанның 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі - жолаушылар нені білуі керек

2021 жылғы 7 мамыр 00:08
Қазақстанның 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі - жолаушылар нені білуі керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізілмек. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес «Ashyq» қосымшасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына 12 мамырдан, ал Алматы әуежайына 21 мамырдан бастап енгізіледі. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады. Айта кетсек, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын «Ashyq» қосымшасы туралы хабарлап, жолаушыларға ескерту жасады. «Ashyq қосымшасы жолаушылар мен қызметкерлерге қосымша қауіпсіздік кепілі болмақ. Осыған байланысты, барлық жолаушылардан әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз мәртебесін тексеру сұралады. Терминал ғимаратына сары және қызыл мәртебелі жолаушыларға кіруге рұқсат берілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда, қаражатты қайтару бойынша сұрақтарды әуе компаниялары қарастырады», -делінген әуежай таратқан хабарламада.