Жаңалықтар

Қазақстанның 3 қаласында «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

2021 жылғы 26 ақпан 20:27
Қазақстанның 3 қаласында «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша ілкі жоба жоба жүзеге асырыла бастайды. Мұндай құжатқа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің бас санитар дәрігері қол қойған қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының мына кәсіпкерлік субъектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталады: 1) фитнес-клубтар; 2) спа-орталықтар; 3) сауналар,байссейндер; 4) компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда); 5) боулинг клубтар. Бұл ретте Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларының аумақтық департаменттерінің басшылары аталған қалаларда тіркеу орны бар пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге кіру үшін App Store және Play Market арқылы жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында ілкі жобаға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері: 1) жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілерге келушілерді кіргізу олар үй-жайға кіреберісте немесе шығаберісте көрсетуі үшін келушінің мәртебесін айқындауға арналған арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады: - «жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде көрсетілген; - «көк» мәртебесі – ПТР тестілеу нәтижелері жоқ, COVID-19 науқаспен байланыста болған ретінде есептелмейді; – «сары» мәртебе – деректер базасында COVID-19 науқаспен байланыста болған ретінде көрсетілген; – «қызыл» мәртебе – базада COVID-19-қа оң нәтижемен тіркелген. Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің келісімімен ақпараттық жүйеде оның мәртебесін тексереді; 2) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 36-қосымшаға сәйкес мынадай: «сары» (COVID-19-бен байланыста болған), «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтижесі бар) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілердің пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге кіруіне жол берілмейді; 3) мынадай: «сары» (COVID-19-бен байланыста болған), «қызыл» (COVID-19 -ға оң нәтижесі бар) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілер анықталған кезде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерін хабардар етуді; 4) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.