-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
Көктемде КВИ жұқтыру қаупі көбейе ме? – маман пікірі

Қазақстанда биыл коронавирус жұқтыру көрсеткіші былтырғы көктем айларымен салыстырғанда анағұрлым төмендеп, өңірлердің барлығы дерлік жасыл аймаққа өтті. Десе де мамандардың айтуынша, босаңсуға әлі ерте. Себебі әдетте қыс бітіп, күн жылына бастаған сәтте түрлі инфекциялық аурулар өршиді.Көктемде елдегі коронавирусқа қатысты ахуал қандай болмақ? Осы және өзге сауалдарды Нұр-Сұлтан қаласының №10 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігер бөлімінің меңгерушісі Құрманбеков Фазылбек Мейрамұлына қойған едік .
– Фазылбек Мейрамұлы, көктем айларында тұрғындар ЖРВИ-ға жиі шалдығады, оған қоса COVID-19 жұқтыру қаупі де жоқ емес. Осы орайда биыл КВИ-дың таралу деңгейі қандай болмақ?
– Әрине қыстан кейін, оның үстіне биылғы «омикрон» штаммынан кейін тұрғындардың иммунитеті төмендеп, адам ағзасы әлсірейді. Әдетте бір инфекциялық ауру бәсеңдегенде, басқасы өршиді. Қазіргі таңда бізде коронавирус бәсеңдеп, көктемге қарай ЖРВИ жұқтыру қаупі жоғарылап отыр. Негізі, коронавирустан кейін көпшілік ЖРВИ-ға үстірт қарап, оның алдын алу шараларына мән бермей жүр. Бірақ бұлай болмайды. ЖРВИ-ға шалдыққан адамдар үстіртін қарау салдарынан ауруын асқындырып алып, соңы пневмонияға дейін әкеліп соғуы мүмкін. Сол себепті азаматтарға қазір барынша сақтанып, иммунитетті көтеру жағына мән беру керек. Ал, жалпы биыл көктемде ЖРВИ-ды жұқтыру қаупі жоғары болады деп болжап отырмыз және ол әдеттегідей балалардың арасында таралуы мүмкін.
– «Омикрон» штаммы мен ЖРВИ белгілері ұқсас екенін қыс айларында байқадық. Жалпы КВИ мен ЖРВИ-ды қалай ажыратамыз?
– Елімізде қаңтар-ақпан айларында өршіген «омикрон» штаммына көптеген азаматтар салғырт қарап, оны ЖРВИ деп ойлады. ПТР тест тапсырмай, үйден емделді. Алайда олардың басым көпшілігі кейін тест тапсырғанда, ағзада антиденелердің көп екені екенін анықтады. Бұдан биыл жыл басында көптеген ел азаматтары «омикрон» штамын жұқтырғанын анық көруге болады. Иә, коронавирустың қазіргі штамының белгілері ЖРВИ-мен ұқсас болып отыр. Алдыңғы штамдарда, мәселен, адамның дене қызуы көтерілуімен қатар, дерт өкпенің қабуына – пневоманияға дейін асқынып кететін. Қазір керісінше мұндай жағдайлар аз. Сол себепті мынау коронавирус, ал басқасы ЖРВИ деп нақты айту қиын.
– Елде коронавирус асқынып тұрған шақта алдыңғы шепте өзіңіз де жүрдіңіз. Әріптестеріңіздің айтуынша, сол сәтте жастығыңыға қарамай біліктілігіңізді көрсетіп, соңың арқасында қазіргі қызметіңізге тағайындалдыңыз. Сол қорқынышты күндер бәріміздің есімізде... «Тылда» жүрген дәрігер ретінде, дамылсыз жұмыс істеуге ерік-жігерді қайдан алдыңыз? Сондай уақытта дәрігер мамандығын таңдағаныңызға өкінбедіңіз бе?
– Иә, пандемияның алғашқы толқыннда емхананың мобильді бригадасында, фильтр кабинеттерінде демалыссыз, тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді. Тіпті осы қаңтар-ақпан айларында да маман тапшылығының салдарынан, өз ауысымымнан кейін коронавирус жұқтырған науқастарға дер кезінде қажетті ем-домын жасау үшін түнгі ауысымда жұмыс істедім. Сондықтан барлық ақ халатты абзал жандардың сол қиын кезеңдегі ерен еңбегі үшін тек алғысымды айтар едім. Қазір «Ashyq» қосымшасын, көшеде бетперде тағу режимін алып тастап жатыр. Алайда бізге әлі де босаңсуға болмайды. Вакцина – қай заманда да қауіпті вирусты жеңудің ең ұтымды тәсілі екенін ғалымдар баяғыда-ақ дәлелдеп берген. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцина салдыру әр саналы азаматтың борышы болуға тиіс. Вакцина салғызбаған азаматтар керісінше осы әрекеттерімен ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына кедергі келтіруі мүмкін. Иә, бастапқыда көптеген азаматтар вакцинадан қорыққаны рас. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, тек вакциналанған адамдар ғана бұл індетке төтеп бере алады. Қазір білсеңіздер, онкологиялық ауруларға, тіпті туберкулездің белсенді фазасына шалдықпаған науқастарға да вакцина салынып жатыр.
– Ғалымдар «омикрон» коронавирустың соңғы штамы болуы ықтимал деген болжам айтып отыр. Осы жөнінде пікіріңізді білсек?
– Пандемия осымен бітеді деп үміттенеміз. Бірақ бұл вирус толығымен жойылады, одан арыламыз деген сөз емес. Вирус мутацияланады және ол бізбен бірге басқа да вирус түрлері сияқты «өмір сүреді». Оны жеңудің тек бір жолы бар. Жоғарыда атап өткенімдей, біз коронавирусқа тек тұрғындарды вакцина, ревакциналау арқылы ғана төтеп бере аламыз. Азаматтар толығымен вакцина алған жағдайда ғана, вирустың алдын алып, оны басқаруға мүмкіндік туады.
Әңгімеңізге рахмет!
Авторы: Майнұр Ырсақ