Жаңалықтар

Коронавирус: 101 адамның ахуалы нашар

2020 жылғы 22 қазан 09:35
Коронавирус: 101 адамның ахуалы нашар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 716 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Олардың арасында 177 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 118 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік таратқан хабарламада.