Жаңалықтар

Коронавирус: 137 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

2021 жылғы 26 қаңтар 15:56
Коронавирус: 137 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қаңтар күні Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, Ресей және Беларусь елдерінен 9 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен тәулікте елімізге барлығы 794 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 657-сінде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 137-сі анықтамасыз келген, олардың барлығы - ҚР азаматтары. Атап айтқанда: - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – барлығы 4 халықаралық рейс қонды, 220 жолаушы, анықтамамен – 212, анықтамасыз - 8; - Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 428 жолаушы, анықтамамен - 303, анықтамасыз - 125; - Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз - 4. «Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді министрліктен. Сондай-ақ мәлім етілгендей, 24 қаңтар күні коронавирусқа анықтамасыз шетелден ұшып келген Қазақстанның 695 азаматының ПТР-тест нәтижелері белгілі болды – олардың ешбірінен қауіпті инфекция анықталмады.