Жаңалықтар

Коронавирус: 250-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік

2021 жылғы 23 ақпан 09:09
Коронавирус: 250-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 245 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 780 адам короновирус инфекциясынан (13 369 КВИ+ және 7 411 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 16 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 245 адамның жағдайы ауыр; - 55 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 48 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.