Жаңалықтар

Коронавирус: 253 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

2021 жылғы 27 ақпан 09:15
Коронавирус: 253 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың хал-жайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам короновирус инфекциясынан (13 523 КВИ+ және 6 757 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 380 пациент стационарда, 15 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 253 адамның жағдайы ауыр; - 49 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.