Жаңалықтар

Коронавирус: 500-ге жуық қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

2021 жылғы 28 ақпан 12:54
Коронавирус: 500-ге жуық қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге барлығы 2 908 жолаушы ұшып келді. Олардың 2435-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 473-і анықтамасыз келді, барлығы Қазақстан азаматтары. Атап айтқанда: - Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 058 жолаушы, анықтамамен - 1 793, анықтамасыз - 265; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 415; анықтамасыз - 58; - Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 234 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз - 150; - Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 143 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Сондай-ақ 26 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 339 азаматының ПТР-талдау нәтижелері шықты. Жолаушылардың ешбірінде коронавирус анықталған жоқ.