Жаңалықтар

Коронавирус: 53 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік

2021 жылғы 26 ақпан 09:50
Коронавирус: 53 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың хал-жайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 277 адам короновирус инфекциясынан (13 358 КВИ+ және 6 919 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 452 пациент стационарда, 15 825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 254 адамның жағдайы ауыр; - 53 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.