Жаңалықтар

Коронавирус: 8 өңір «қызыл» аймақта тұр

2021 жылғы 10 сәуір 10:07
Коронавирус: 8 өңір «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.