Жаңалықтар

Коронавирус: Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті

2021 жылғы 5 наурыз 10:15
Коронавирус: Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 5 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр. Қалған өңірлер «жасыл аймақта».