Жаңалықтар

Коронавирус: Әлемде көз жұмғандар саны миллионға жуықтады

2020 жылғы 28 қыркүйек 07:47
Коронавирус: Әлемде көз жұмғандар саны миллионға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирустан көз жұмған адамдар саны бір миллионға жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Джон Хопкинс университетіне сілтеме жасап.

Университеттің мәліметінше, жалпы інденттен қайтыс болғандар саны 996 096-ға жетті.

Вирустың таралуы бойынша әлемде бірінші орында АҚШ (7 110 781 адам жұқтырған), екінші орында Үндістан (5 992 532 адам жұқтырған) және үшінші орында Бразилия (4 717 991) тұр.