Жаңалықтар

Коронавирус: Алматыда вакцинаны қай жерде салдыруға болады

2021 жылғы 10 сәуір 14:10
Коронавирус: Алматыда вакцинаны қай жерде салдыруға болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы және коронавирусқа қарсы вакцинаны қай жерден алуға болатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша, қалада 715 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 630-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 85-і симптомсыз ауырған. Қазір 6 100 төсек-орны іске қосылған. 3530 науқас ем қабылдап жатыр. 2 570 төсек-орын бос. 1-9 cәуір аралығындағы кезеңде 57 810 адам вакциналанды. Олардың 13 857-сі вакцинаның екі компонентін алды. Өткен тәулікте 8 650 алматылыққа екпе егілді. Вакциналанғандардың ішінде: 11 009 медицина қызметкері, 8 876 педагог, құқық қорғау құрылымдарының 6199 қызметкері, созылмалы аурулары бар және Алматы тұрғындарының өзге де санаттарынан 6 470 адам бар. «Егу пунктерінде ҚР ДСМ белгілеген нысаналы (мақсатты) топтарды, қарт азаматтар мен созылмалы аурулары бар адамдарды вакциналау жалғасуда»,- деп атап өтті басқармадағылар. Алматы қаласы бойынша вакцинация барлық емханаларда, сонымен қатар, базарлар, қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында жүргізілуде. Жетісу ауданы: «Адем» сауда үйі 1-қабат, «Алтын Тараз» сауда үйі және «Кемел» мәдениет үйі. Алатау ауданы: «Ақбұлақ», «Кенжехан», «Өжет» базарлары мен «БақОрда» СОСО. Түрксіб ауданы: «Түрксіб» және «Жетісу» базарларындағы егу пунктері, Оқушылар үйі -6, Оқушылар сарайы-7, «ТЖА» АҚ. Алмалы ауданы: «Мега парк» Әуезов ауданы: «Азия парк», «Гранд парк», «Алматы Молл», «Спутник», «Москва».