Жаңалықтар

Коронавирус бір тәулікте 51 адамнан анықталды – министрлік

2022 жылғы 8 қазан 10:03
Коронавирус бір тәулікте 51 адамнан анықталды – министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – 7 қазандағы тәулік ішінде ел өңірлерінде коронавирус инфекциясы 51 адамнан анықталды, тағы 4 адам коронавирус пневмониясына шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

8 қазандағы жағдай бойынша, коронавирустан 1 099 адам емделіп жатыр, соның ішінде коронавирустан – 963 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 136 (КВИ-) науқас. 116 пациент стационарда жатса, 983-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 6 адамның жағдайы ауыр, - 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.