Жаңалықтар
-
кеше 13:56
-
21.01.2021 22:38
-
21.01.2021 21:22
-
21.01.2021 19:38
-
21.01.2021 15:22
-
21.01.2021 12:15
-
21.01.2021 10:31
-
21.01.2021 09:20
-
21.01.2021 09:18
-
21.01.2021 09:10
-
21.01.2021 08:31
-
21.01.2021 08:15
-
21.01.2021 08:06
-
21.01.2021 08:00
-
21.01.2021 03:19
-
21.01.2021 02:21
-
20.01.2021 22:28
-
20.01.2021 22:14
-
20.01.2021 22:02
-
20.01.2021 21:01
-
20.01.2021 19:18
-
20.01.2021 18:21
Коронавирус: БҚО-ның медицина қызметкерлеріне 2,8 млрд астам теңге төленді
2020 жылғы 20 қазан 15:38

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында COVID-19 індетімен күрескен медицина қызметкерлеріне 2,8 миллиардтан астам теңге төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, эпидемиологиялық шараларға атсалысқан және науқастармен жұмыс істеген қызметкерлерге әлеуметтік төлемақы және үстемеақы төлеу жалғасуда. Күні бүгінге дейін 687 қызметкерге қатысты материалды комиссия қарап, соның 480-і қолдау тапты. 478 адам өздеріне тиесілі қаражатты алды. Екеуінің арызы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында қаралу үстінде. Ал 207 медицина қызметкерінің өтініші қанағаттандырылмады. Негізгі себептері: олардың коронавирусқа қарсы шараларға қатыспауы, жұмыс кезеңінің індеттің таралу уақытымен сәйкес келмеуі, дертті жұқтыруға себеп болған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы. Өңірде індет жұқтырған 4 медицина қызметкері көз жұмды. Олардың отбасыларына тиісті қаржы толықтай төленді. Биылғы наурыз-қыркүйек аралығында облыста 1490 дәрігер, 5480 орта буын, 1962 кіші буын қызметкері, 973 жедел жәрдем жүргізушісіне барлығы 2 817,7 млн теңге төленді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын маска тағып жүру - індеттен қорғануға жәрдемдесетінін жазған болатынбыз.