Жаңалықтар

Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

2021 жылғы 23 ақпан 08:00
Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен бір тәулікте коронавирус ПТР-сынама арқылы 692 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында -24536 (+60), Алматы қаласында - 24470 (+111), Шығыс Қазақстан облысында - 21692 (+82), Атырау облысында - 16967 (+28), Павлодар облысында - 17128 (+93), Қарағанды облысында - 15133 (+35), Ақмола облысында - 13242 (+65), Батыс Қазақстан облысында – 12622 (+45), Солтүстік Қазақстан облысында - 12138 (+40), Қостанай облысында - 11985 (+67), Алматы облысында - 10512 (+36), Шымкент қаласында -6078 (+6), Жамбыл облысында - 5865 (+10), Түркістан облысында - 4252 (+5), Маңғыстау облысында - 4202 (+0), Ақтөбе облысында - 4191(+0), Қызылорда облысында - 3796 (+9). Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны - 208 809.