Жаңалықтар

Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

2021 жылғы 24 қараша 08:00
Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 905 адамда коронавирус індеті ПТР-тест арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 123, Алматы қаласы - 123, Шымкент қаласы - 19, Ақмола облысы - 62, Ақтөбе облысы - 13, Алматы облысы - 28, Атырау облысы - 15, Шығыс Қазақстан облысы - 42, Жамбыл облысы - 5, Батыс Қазақстан облысы - 22, Қарағанды облысы - 131, Қостанай облысы - 89, Қызылорда облысы - 4, Маңғыстау облысы - 6, Павлодар облысы - 102, Солтүстік Қазақстан облысы - 118, Түркістан облысы - 3. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 966423 адамнан анықталды. Еске салайық, өткен тәулікте коронавирус 769 адамда тіркелген болатын.