Жаңалықтар

Коронавирус: Екі мегаполис пен 6 облыс «қызыл» аймақта тұр

2021 жылғы 19 қыркүйек 11:24
Коронавирус: Екі мегаполис пен 6 облыс «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 қыркүйектегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта - Түркістан, Жамбыл облыстары.