Жаңалықтар

Коронавирус екпесін салдырғандарға еңбекке жарамсыздық парағы беріле ме

2021 жылғы 15 сәуір 16:39
Коронавирус екпесін салдырғандарға еңбекке жарамсыздық парағы беріле ме

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - №4 Алматы қалалық емханасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Гүлжан Қартаева онлайн брифинг барысында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың өзекті мәселелері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілі вакцинациядан кейін жанама әсерлер пайда болған жағдайда, а заматтар емханаға хабарласуы қажет екенін атап өтті. Ол жерде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашып береді «Егер вакцина салынғаннан кейін пациенттің температурасы көтерілсе, онда ол еңбекке жарамсыздық парағын алуға құқылы», - деді Гүлжан Қартаева брифинг барысында. Брифинг барысында оған вакцинаның бір компонентін Алматыда, екіншісін Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен салдыруға бола ма деген сауал қойылды. «Егер адам бірінші компонентін Алматыда салдырса, екіншісінде сол жерде ғана салдыра алады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында вакцинаның екінші компонентін салдыра алмайды», - дейді спикер. Алматы қаласы бойынша 2021 жылғы ақпан айының 1-нен сәуір айының 15 аралығында барлығы 108 069 адам вакцина алған. Кеше – 10 924 адамға вакцина салдырыпты. Оның ішінде 9 985 құқық қорғау органдарының қызметкері, 11 178 – мұғалім, 13 951 – медицина қызметкері, басқа санаттағылар арасында - созылмалы аурулары бар науқастар мен тіркелген тұрғындар. «Бүгінгі таңда Алматыда 203 пункт жұмыс істейді, онда 1 809 медицина қызметкері бар 406 егу бригадасы жұмыс істейді, дәрігерлерге еріктілер көмектеседі. ЖОО мен колледждерде мамандар 91 емхананың егу пункттерінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында және қаламыздағы базарларында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 364 білім алушы интерндер мен резиденттер жұмыс істеуде. Барлығы 975 адам оқытылды», - деді Гүлжан Қартаева. Сонымен қатар, ол алтыншы транш бойынша сәуірдің 13 күні қалаға вакцинаның 65 290 дозасы жеткізілгенін айтты. Қазір вакцинаның қалдығы 68 330 дозаны құрайды. Вакцинаның келесі траншы - 34 900 мың доза сәуірдің 23 күні келеді деп күтілуде.