Жаңалықтар

Коронавирус: Елімізде 9,1 млн адам вакцинаның бірінші дозасын алды

2022 жылғы 27 қаңтар 08:57
Коронавирус: Елімізде 9,1 млн адам вакцинаның бірінші дозасын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін – 9 156 377 адам, 2-ші компонентін 8 726 612 адам салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындарды вакциналау қарқыны жоғары өңірлер: Түркістан облысы (толық егілді – 1 039 738 адам), Алматы қаласы (1 031 517), Шығыс Қазақстан облысы (904 357), Алматы облысы (861 123), Жамбыл облысы (590 016). Ел астанасында коронавирусқа қарсы толық егілгендер саны – 453 454 адам.