Жаңалықтар

Коронавирус: Емделіп жатқан 223 адамның жағдайы ауыр

2021 жылғы 7 наурыз 09:37
Коронавирус: Емделіп жатқан 223 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 854 адам короновирус инфекциясынан (13 546 КВИ+ және 5 308 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 497 пациент стационарда, 14 357 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 223 адамның жағдайы ауыр; • 54 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.