Жаңалықтар
-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
Коронавирус індеті жеңіл түрде өтіп жатыр – Денсаулық министрі
2022 жылғы 2 тамыз 11:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус індеті жеңіл түрде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүкіл әлемдегі сияқты, омикрон ВА.5 штамынан болған COVID-19-дың кезекті толқыны биылғы шілдеде елімізде жүргізілген генетикалық зерттеу нәтижелері бойынша зерттелген үлгілердің 70 пайызында анықталды», - деді Ажар Ғиният. Министрдің айтуынша, коронавирустың қазіргі штамы (Омикрон ВА.5) жоғары жұқпалығымен сипатталады және дельта нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда ауру жеңіл өтеді. Бұл өз кезегінде науқастардың 94 пайыздан астамы амбулаториялық жағдайда емделетіндігімен де расталып отыр. «Стационарлық ем қабылдайтын пациенттерге қатысты талдау жүргізу кезінде 36 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар, 64 пайызы ересектер екені, ал ауырған адамдардың 52 пайызында қосалқы созылмалы аурулары бар екені анықталды», - деді А. Ғиният. Оның сөзіне қарағанда, былтырмен салыстырғанда КВИ-ге қатысты жедел медициналық көмекті шақырту саны 3,7 есе азайған. Бұл көрсеткіш те аурудың жеңіл түрде өтіп жатқанын айқындайды. Бұдан бұрын хабарланғандай, министр қыркүйек айында коронавирустың таралуы төмендеуі мүмкін екенін айтты.