Жаңалықтар

Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 803 адамның жағдайы ауыр

2021 жылғы 8 мамыр 09:50
Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 803 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 695 адам коронавирус инфекциясынан (42 188 КВИ+ және 507 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 656 пациент стационарда, 28 039 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 803 адамның жағдайы ауыр, • 174 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 2021 жылғы 6 мамырдағы мәлімет бойынша 119 жаңа жағдай тіркелді. 83 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: Науқастар саны – 53 519, өлім жағдайлары - 829, барлығы 53 519 адам сауығып шықты.