Жаңалықтар
-
10.04.2021 22:17
-
10.04.2021 21:02
-
10.04.2021 20:18
-
10.04.2021 19:40
-
10.04.2021 16:08
-
10.04.2021 14:45
-
10.04.2021 14:10
-
10.04.2021 13:38
-
10.04.2021 12:03
-
10.04.2021 10:45
-
10.04.2021 10:07
-
10.04.2021 09:50
-
10.04.2021 09:20
-
10.04.2021 08:15
-
10.04.2021 08:00
-
10.04.2021 03:00
-
10.04.2021 01:50
-
10.04.2021 00:18
-
09.04.2021 23:45
-
09.04.2021 22:21
-
09.04.2021 21:55
-
09.04.2021 20:45
-
09.04.2021 20:33
-
09.04.2021 20:25
-
09.04.2021 19:50
-
09.04.2021 19:08
-
09.04.2021 19:00
-
09.04.2021 17:14
Коронавирус: Қарағанды облысында 1600 адамға вакцина салынды
2021 жылғы 23 ақпан 12:43

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында медицина қызметкерлерін вакциналау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі таңда COVID-19 вакцинациясымен 1600 адам қамтылды. 22 ақпаннан бастап тағы 80 адам «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) екінші дозасын алды. «Облыста вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий Залыгин «Спутник V» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екінші компонентімен егілді. Вакцинаның екінші дозасын бірінші сияқты санитариялық дәрігер МСАК базасында алды. Алгоритм бойынша бас дәрігер медициналық бақылауда 30 минут өткізді, оның айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Нақты алдын-алудың жалғыз әдісі – вакцинация. Денеге вакцина енгізу ауруды тудыруы мүмкін емес, қорғаныс антиденелерін шығару арқылы иммундық жүйені инфекциямен күресуге мүмкіндік береді. Профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігердің міндетті тексерісі жүргізіледі. Егілетін адам жазбаша түрде профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімге немесе бас тартуға қол қояды. Екі сатылы вакцинаның дозаларын алу арасындағы интервал 21 күнді құрайды.