Жаңалықтар

Коронавирус: Қарағанды облысында Центральное ауылы карантинге жабылды

2020 жылғы 20 қазан 20:51
Коронавирус: Қарағанды облысында Центральное ауылы карантинге жабылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Центральное ауылында коронавирус инфекциясына байланысты карантин енгізілді. Індет Ресейдің Омбы қаласынан келген қонақта расталды. Байланыста болғандар арасында да ауру жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Бұқар Жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Центральное ауылына карантин енгізілді. Блокпостар орнатылды. Карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынды. Ауыл тұрғындары карантин режимін сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады. Карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін дейін жалғасады. Шектеулерді алып тастау туралы қосымша хабарланады. Жергілікті билік өкілдері Қарағанды облысының тұрғындарына бетперде режимін, қашықтықты сақтау, сондай-ақ антисептиктерді пайдалану қажеттілігі туралы еске салады.