Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстан үшінші күн қатарынан «қызыл» аймақта тұр

2021 жылғы 27 қаңтар 09:14
Коронавирус: Қазақстан үшінші күн қатарынан «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 26 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ. Яғни, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Ал «сары» аймақта Қарағанды бар. Жалпы Қазақстан аумағы «қызыл» аймақта орналасқан. Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала - «жасыл» аймақта.