Жаңалықтар
-
24.04.2022 12:05
-
24.04.2022 10:05
-
24.04.2022 09:17
-
24.04.2022 08:47
-
24.04.2022 08:15
-
23.04.2022 09:53
-
23.04.2022 08:55
-
23.04.2022 08:16
-
23.04.2022 08:05
-
22.04.2022 14:38
-
22.04.2022 08:08
-
21.04.2022 16:36
-
21.04.2022 09:44
-
21.04.2022 08:15
-
20.04.2022 11:26
-
20.04.2022 08:16
-
20.04.2022 07:59
-
19.04.2022 08:50
-
19.04.2022 08:16
-
19.04.2022 07:58
-
18.04.2022 19:05
-
18.04.2022 09:33
-
18.04.2022 08:08
-
17.04.2022 09:21
-
17.04.2022 08:28
-
16.04.2022 11:01
-
16.04.2022 09:44
-
16.04.2022 08:48
-
15.04.2022 09:11
-
15.04.2022 08:16
-
15.04.2022 07:58
-
14.04.2022 17:17
-
14.04.2022 14:33
-
14.04.2022 08:33
-
14.04.2022 08:00
-
14.04.2022 04:00
-
13.04.2022 09:33
-
13.04.2022 08:30
-
13.04.2022 08:01
-
13.04.2022 08:00
-
13.04.2022 02:20
-
12.04.2022 18:52
Коронавирус: Қазақстанда қандай шектеу шаралары енгізілді
2022 жылғы 18 қаңтар 19:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустың өршуіне байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарларда ем алатын адамдардың саны 200 адамнан 1000-ға дейін, яғни 5 есеге өскен. Бұл жағдай Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме артып отыр. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия қосымша шектеу шараларын қабылдады», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде. Спикердің айтуынша, вакциналау мәртебесіне қарамастан, шетелден келгендердің барлығында теріс ПТР тестінің болуы міндеттелді. Ashyq бағдарламасы бойынша «жасыл» мәртебе болғанда ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген объектілер тізбесі кеңейтілді. «Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуға дифференциалды тәсіл қолданылады. Халық көп жиналатын орындарға қосымша шектеулер енгізілді. Бұл мәжбүрлі шаралар, ең алдымен, азаматтарымызды қорғауға бағытталған», - деп түсіндірді Е. Тоғжанов. Бұған дейін Ералы Тоғжанов коронавирус зардабынан 18 мың адам қайтыс болғанын айтып, санитарлық нормаларды елемейтін тұрғындардың әрекетінсынға алған еді. Сондай-ақ Қазақстанда вакциналардың 5 млн доза қоры бар.