Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстанда ревакцинациядан 5,1 млн адам өтті

2022 жылғы 5 тамыз 09:30
Коронавирус: Қазақстанда ревакцинациядан 5,1 млн адам өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан және ревакцинациядан өткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 тамызға дейін Қазақстанда вакциналардың I компонентімен 10 795 666 адам егілді. II компонентті 10 528 944 адам салдырды. Ревакцинациядан 5 104 446 адам өтті. Вакцина салу қарқыны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында келеді. Онда 1 291 492 адам вакцинаның екі дозасын қабылдады. Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр – 1 188 185 адам. Үшінші орында Алматы облысы – 1 134 715 адам.