Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстандық вакцина желтоқсанда сынақтың екінші сатысынан өтеді

2020 жылғы 27 қараша 17:29
Коронавирус: Қазақстандық вакцина желтоқсанда сынақтың екінші сатысынан өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы отандық вакцина желтоқсанда клиникалық сынақтың екінші сатысынан өтеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирусқа қарсы вакцинаны жасау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Біз бұл бағытта ресурстарымызды барынша пайдаланып, нарықта қолжетімді вакцина жасауға ұмтылудамыз. Тіркелгенін жариялаған алғашқы вакцина – ресейлік вакцина болды. Мемлекет басшысы Қазақстанда осындай зауытты салып, өндірістік қуаттылықты жолға қою тапсырмасын жүктеген болатын. Бұл өте маңызды шаруа. Себебі халықтың вакцинаға қолжетімділігін жолға қоюуымыз керек. Зауыт салынатын алаң айқындалуда. Зауыт қазіргі фармацевтикалық зауыттардың жанындағы алаңдарда салынуы мүмкін. Қазір бұл мәселені ресейлік әріптестермен талқылау үстіндеміз», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуынша ресейлік вакцина сынақтың үшінші сатысында тұр. «Ресейлік әріптестеріміз вакцина сынағының қорытындысын таяуда жариялауға уәде беріп отыр. Бұл вакцинаның алғашқы және екінші фазасы оң нәтижесін көрсеткен. Қазіргі уақытта – ресейлік вакцинаны әлеуетті вакцинаның бірі ретінде көріп отырмыз», - деді ол. Алексей Цой әйтсе де үлкен үміт – қазақстандық вакцинаға артылып отырғанын айтады. Отандық вакцина осы жылдың желтоқсанында клиникалық сынақтың екінші сатысынан өтеді. Қазақстандық вакцина зауыты салынып жатыр. Министр сонымен қатар қытайлық, америкалық вакциналарды да бақыланып, зерттеліп жатқанын айтады. Бірақ бұл елдердің вакциналары өз елдерінде ресми түрде тіркелмеген. Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау - инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі екенін жеткізді. Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады. Жалпы Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бес прототипі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. COVID-19 вакцинасын жасау бойынша жұмыстардың барысына қызығушылық танытқан азаматтар ДДСҰ веб-сайтында вакцинаға үміткерлер туралы жалпы шолуды оқи алады. Вакцинаға үміткерлердің тізімі үнемі жаңартылып отырады. Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден күзде өткізіледі. Коронавирусқа қарсы қазақстандық алғашқы вакцина сынақтан сәтті өткізілуде. Және оның сапасы туралы ғалымдар пікір білдірді. Сондай-ақ, мамандар коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болатыны туралы да айтты. Алдын ала болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады. Вакцина алатындардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды. Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау - инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі екенін жеткізді. Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады. Коронавирусқа қарсы вакцина салынатын тәуекел тобындағы адамдар айқындалды. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бағасы қанша болуы мүмкін екені де айтылды.