Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстанның 16 өңірі әлі «қызыл» аймақта тұр

2021 жылғы 5 тамыз 08:50
Коронавирус: Қазақстанның 16 өңірі әлі «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 тамыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл» аймақта Түркістан облысы ғана тұр.