Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстанның 5 өңірі «сары аймақта» тұр

2021 жылғы 2 наурыз 10:11
Коронавирус: Қазақстанның 5 өңірі «сары аймақта» тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық жағдайдың 2 наурыз күнгі матрициасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары аймақта». Қалған арлық өңірлер «жасыл аймақта» орналасқан. Айта кетейік, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың 1 наурыз күнгі матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймаққа» өткен болатын.