Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр

2021 жылғы 21 қаңтар 10:31
Коронавирус: Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. Ал «сары» аймақта Қарағанды, Алматы облысы мен Алматы қаласы бар. Бүгінгі матрица Шығыс Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа шыққанын көрсетіп тұр. Ал кеше «сары» аймақта болған Батыс Қазақстан бүгін «қызыл» аймаққа енгізілген. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан. Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген.