Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстанның басым өңірлері «жасыл» аймақта тұр

2021 жылғы 26 қараша 08:17
Коронавирус: Қазақстанның басым өңірлері «жасыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.