Жаңалықтар

Коронавирус кезінде қан құю тәсілі көмектесе ме

2020 жылғы 18 қыркүйек 18:08
Коронавирус кезінде қан құю тәсілі көмектесе ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі қан құю тәсілінің коронавирус кезіндегі тиімділігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында коронавирустан емдеу тәсілі ретінде Грузияның қан құю әдістерін жасағаны, осы орайда отандық дәрігерлердің осы әдіске қатысты пікірі сұралды.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов денсаулық сақтау саласындағы бірқатар алдыңғы қатарлы мамандар мен сарапшылардан осы жайында сұрағанын айтты. Мамандардың пайымына қарағанда, қазіргі кезде тікелей коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек әлі де дайын емес.

«Грузия тәжірибесі де ұтымды болуы мүмкін. Нәтиже беретін кез келген тәсіл жақсы екені түсінікті. Ең бастысы – адамдарға зиян келтірмеу», - деді реми өкіл.