Жаңалықтар

Коронавирус: Көпқабатты үйлердегі ең қауіпті жерлер айтылды

2020 жылғы 25 қазан 19:10
Коронавирус: Көпқабатты үйлердегі ең қауіпті жерлер айтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лифт пен үйдің кіреберісі коронавирусты жұқтыру мүмкіндігі тұрғысынан көпқабатты үйлердің ең қауіпті жерлері. Бұл туралы биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат каналына сілтеме жасап.

«Коронавирусты тасымалдаушы сізден жарты сағат бұрын лифтке кірді делік. Лифтпен керек қабатына барды, содан кейін лифт тұр. Бірақ ауаның көлемі де тұрады, вирус ешқайда таралмайды. Жарты сағаттан кейін сіз лифтке кірдіңіз, ал ауада еш жерге кетпеген вирус болуы әбден мүмкін», - деді Баранова.